Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы жеке құрамды кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Кәсіби мерекелеріңіз — Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздердің батылдықтарыңыз, заң мен тәртіпті сақтау жолындағы табанды еңбектеріңіз — ел тыныштығының, қоғам тұрақтылығының кепілі. Сіздер күн сайын өз өмірлеріңізді қатерге тігіп, азаматтардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғап келесіздер.
Жоғары кәсібиліктеріңіз, патриоттық сезімдеріңіз және адал қызметтеріңіз үшін алғыс білдіремін. Жаңа жетістіктерге жетіп, отбасыңызда амандық, еңбекте табыс, ал өмірде тек жақсылық тілеймін.
Мереке құтты болсын! деп атап өтті департамент бастығының орынбасары Тимур Хасанович.