Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №28 мекемесінде кешкі жалпы білім беру мектебін сәтті аяқтаған сотталғандарға аттестаттар салтанатты жағдайда табысталды.
Іс-шара мерекелік атмосферада өтті. Бітірушілерге жылы лебіздер мен тілектер айтылып, білім алудың түзелу жолындағы және жеке дамудағы маңызды қадам екені атап өтілді.
Салтанатты жиында мекеме бастығының орынбасары, юстиция подполковнигі Азамат Байбулатов сөз сөйледі. Ол білім алудың тек формальді процесс емес, сонымен қатар өмірді жақсы жаққа өзгертуге, дүниетанымды кеңейтуге және болашаққа оң жоспар құруға мүмкіндік екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол білім беру үдерісіне елеулі үлес қосқан ұстаздар қауымына алғысын білдірді.
Бітірушілер де өз кезегінде ұстаздарға және мекеме басшылығына бостандықтан айырылған жағдайда білім алуға мүмкіндік бергендері үшін алғыс айтып, болашаққа деген үміттерімен бөлісті.
Мұндай іс-шаралар тәрбиелік жұмыстың маңызды бөлігі болып табылады және сотталғандардың оң өзгеріске, қоғамға бейімделуге деген ұмтылысын көрсетеді.