№28 мекемесінде Қазақ ұлттық ойындары күніне орай спорттық іс-шаралар өтті

№28 мекемесінде Қазақ ұлттық ойындары күніне орай спорттық іс-шаралар өтті

 

Бүгін №28 мекемесінде Қазақ ұлттық ойындары күніне орай тәрбиелік бөлімнің ұйымдастыруымен сотталғандар арасында спорттық іс-шаралар өткізілді. Іс-шараның мақсаты — қазақ халқының мәдени мұрасын насихаттау, ұлттық ойындарды дәріптеу және сотталғандарды салауатты өмір салтына бейімдеу.

 

Бағдарламаға арқан тарту, білек күші (армрестлинг), кір тасын көтеру, сондай-ақ ұлттық зияткерлік және қимыл-қозғалыс ойындары — Тоғызқұмалақ пен Асық ату сынды жарыстар енгізілді.

 

50-ден астам сотталған қатысып, жарыстар жоғары деңгейде, достық пен ұйымшылдық рухында өтті.

 

Тәрбиелік бөлім басшысының айтуынша, алдағы уақытта осындай тәрбиелік іс-шараларға белсенді түрде тұрақты қатысатын сотталғандар ынталандыру шараларына ұсынылатын болады.