Полиция қызметкері болу – тек мамандық емес, бұл – Отанға адал қызмет етудің, әділеттілік пен заңдылықты сақтаудың жолы. Қылмыстық-атқару жүйесі қатарына жұмысқа шақыру мақсатында №74 мекемесінің кадр және тәрбие жұмысы жөнінде орынбасары әділет майоры А.Б. Хайруллин Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданына іс-сапармен барып Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Сырым колледжі және Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.