«Менің Тәлімгерім – менің мақтанышым»

«Менің Тәлімгерім – менің мақтанышым»

 №74 мекемесінің жеке құрамы мен жас қызметкерлері Қылмыстық-атқару жүйесінде 25 жыл қызмет атқарып, еңбек жолы бақылаушы лауазымынан бастау алып мекеме бастығына дейін адал қызмет атқарған ардагеріміз запастағы әділет подполковнигі Әлібек Хамитұлымен кездесті.

 

Ардагерлермен кедесу - жастардың кәсіби және рухани дамуына зор ықпал ететін маңызды іс-шара. Кездесу барысында Әлібек Хамитұлы өз қызмет жолындағы естеліктері мен бай тәжірбиесімен бөлісіп, құқық қорғау саласындағы жауапкершілік, адалдық пен тәртіптің маңыздылығын атап өтіп, жас мамандарға бағыт-бағдар береді.

 

Іс –шара соңында Әлібек Хамитұлын мерейлі 65 жас туған күнімен мекеме бастығы әділет майоры Серік Майданұлы құттықтап, Бүгінгідей мерейлі сәтте, ақниетпен мықты денсаулық, отбасына амандық, қажымас күш-қайрат, ортаймас несібе-дәулет тіледі.