Қан донорлығы — бұл сау адамның (донордың) өз еркімен қанды немесе оның құрамдас бөліктерін қан құюға мұқтаж адамдарға беруі. Бұл — адам өмірін құтқаратын ең маңызды және алмастырылмайтын тәсілдердің бірі.
Әлемде әр секунд сайын біреуге қан қажет — бұл операциялар, ауыр жарақаттар, босану кездері, онкологиялық және гематологиялық ауруларды емдеу барысында аса қажет. Қанды жасанды жолмен өндіру мүмкін емес, сондықтан оның жалғыз көзі — басқа адамдар.
Неліктен донор болу керек?
Қан тапсыру — бұл адамгершілік пен жанашырлықтың көрінісі.
Осыған байланысты, Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері бұл игі істі тұрақты түрде өткізіп келеді, себебі әрбір донорлық акция — бұл адам өмірін құтқаруға бағытталған маңызды қадам.
Соңғы өткізілген донорлық акция барысында 30 қызметкер белсенді түрде қатысып, қан тапсыру арқылы көмекке мұқтаж жандарға үміт сыйлады. Қызметкерлердің айтуынша, мұндай шараларға деген қызығушылық жылдан-жылға артып келеді, және қан тапсыруға ниет білдірушілердің саны тұрақты өсуде.
Іс-шара барысында сөз алған №27 мекеменің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, юстиция майоры Айберстиев Ерлан Орынғалиевич өз пікірін білдірді:
«Қан тапсыру — бұл әрбір азаматтың адамгершілік парызы. Мұндай акциялар біздің қызметкерлер арасында жақсы дәстүрге айналып келеді. Әр тамшы қан — бұл біреудің амандығы мен үміті. Біз қоғамға пайда келтіріп, нағыз жанашырлықты көрсеткіміз келеді», — деді ол.
Осындай игі істер арқылы қызметкерлер мейірімділік, жауапкершілік және адамгершілік құндылықтарын насихаттап келеді