№28 түзету мекемесінде сотталғандар арасында мини-футболдан турнир ұйымдастырылды. Спорттық іс-шара салауатты өмір салтын насихаттау, тәртіпті нығайту және командалық рухты қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Турнирге мекеме ішіндегі отрядтардан құралған командалар қатысып, өзара шеберліктерін сынады. Ойындар тартысты әрі достық атмосферада өтті. Қатысушылар төзімділік, ұйымшылдық және қарсыласқа деген құрмет сияқты маңызды қасиеттерін көрсете білді.
Турнир қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен команда жеңімпаз атанып, оларға символдық мағынасы бар ауыспалы кубок табысталды.
Мұндай іс-шаралар №28 мекемесінде дәстүрге айналып келеді. Олар сотталғандардың моральдық-психологиялық ахуалын жақсартуға, әлеуметтік дағдыларын дамытуға және түзелуге деген ынталарын арттыруға ықпал етеді.