Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне қарасты №28 мекемесінде сотталғандармен ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне қарасты №28 мекемесінде сотталғандармен ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара аясында ҚАЖК қызметкерлері басқа түзеу мекемелерінде жүзеге асырылып жатқан татуировкаларды жою тәжірибесіне арналған бейнероликті көрсетті. Бейнематериалды көрсету мақсаты – сотталғандарға қылмыстық рәміздерден бас тартудың маңыздылығын түсіндіру және бұл қадамды қайта әлеуметтену жолындағы маңызды кезең ретінде қабылдауына ықпал ету.

 

Бейнеролик көрсетілімінен кейін мамандар сотталғандарға жаза өтеу тәртібі, көтермелеу түрлері және басқа да қызықтырған сұрақтар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жауаптар берді.

 

Мұндай іс-шаралар сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, оң мотивацияны қалыптастыруға және түзеу мекемелеріндегі тәрбиелік жұмысты күшейтуге септігін тигізеді.