БҚО ҚАЖД №28 мекемесінде есірткі қылмыстарының салдары туралы бейнеролик көрсетілді

БҚО ҚАЖД №28 мекемесінде есірткі қылмыстарының салдары туралы бейнеролик көрсетілді

Сотталғандардың қылмыстық өмір салтына деген теріс көзқарасын қалыптастыруға бағытталған тәрбие жұмысы аясында Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №28 мекемесінде есірткі айналымына байланысты қылмыстары үшін жазасын өтеп жатқан бұрынғы шоу-бизнес өкілдерінің қатысуымен түсірілген бейнеролик көрсетілді.

Бейнематериалдың басты кейіпкерлері – кезінде үлкен сахналарды толтырған, танымал «Мэдмэн» поп-тобының мүшелері. Бүгінде олар өнер сахнасынан темір тордың ар жағына ауысып, басынан өткен ауыр шындықты баяндайды. Бұл – жылтыр сұхбат емес, танымалдылықтың биігінен есірткі мен қылмыс құрдымына қалай құлағандары жайлы ашық әңгіме.

Бейнероликте сахнаның сыртындағы көлеңкелі есірткі саудасының жолдары, қайғылы шешімдер мен оның ауыр салдары жан-жақты баяндалады. Подкаст форматында ұсынылған материалда олар жеке өмірлеріндегі ащы тәжірибелерімен бөлісіп, шынайы өмірдің сүзгіден өтпеген көрінісін ұсынады — жасырмай, ақталмай, түзету мүмкіндігінсіз.

Көрсетілімнен кейін сотталғандар арасында пікірталас ұйымдастырылып, қатысушылар өз ойларымен бөлісті. Олар қылмыстық әрекеттердің зардаптарын терең түсінгендерін айтып, мұндай бейнематериалдардың өмірлік бағдарды қайта қарауға ықпал ететінін атап өтті.

Аталған іс-шара ҚАЖК Ішкі істер министрлігіне қарасты оперативтік басқарма бастығының орынбасары Абраев Даулетпен Режим, қадағалау және күзет басқармасының аға жедел уәкілі Ахмеджанов Бауыржанмен  ұйымдастыруымен өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандар арасында қайталама құқықбұзушылықтардың алдын алу және олардың қайта әлеуметтенуіне ықпал ету мақсатында шынайы мысалдар негізінде тәрбиелік жұмысты күшейту.