Атам қазақ «Бала – адамның бауыр еті» дейді. Отбасы – ошақтың үш тағаны іспетті: әке, ана және бала.

Атам қазақ «Бала – адамның бауыр еті» дейді. Отбасы – ошақтың үш тағаны іспетті: әке, ана және бала.

Балаға деген ата-ананың бөлген мейірімі мен уақыты – баға жетпес бақыт. Өскелең ұрпақтың бойына ізгілік пен адамгершілік дәнін егу – баршамыздың ортақ борышымыз. Осы орайда, ҚАЖ департаментінің №74 мекемесі бала тәрбиесіне айрықша мән беріп, қызметкерлердің отбасылық құндылықтарды сақтап, балалармен сапалы уақыт өткізуіне үнемі жағдай жасап келеді.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында мекеме қызметкерлері балаларымен бірге кинотеатрға барып, балаларға арналған қызықты мультфильмді тамашалап, естелік суреттер салып, ерекше көңіл-күймен оралды.

Еліміздің ертеңі – балалардың мерекесі құтты болсын!

Бейбіт аспан астында, ата-анасының қасында, әр бала шат күлкіге, шынайы қуанышқа бөлене берсін!