
Наурыз – жаңару мен жасампаздықтың символы. Осы мерекелік күндері Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері мен жас мамандар табиғатты көгалдандыруға өз үлестерін қосып, ағаш отырғызу шарасына қатысты.
Наурызнама онкүндігінің алтыншы күні – Жаңару күніне орайластырылған бұл акция қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті дамыту мақсатында ұйымдастырылды. ҚАЖД ұжымы игі дәстүрді жалғастырып, өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға атсалысуды маңызды міндет деп біледі.
– Егілген әрбір ағаш – болашаққа қалдырған аманатымыз. Бұл бастама табиғатқа жанашырлық танытып қана қоймай, жас мамандардың жауапкершілігін арттырып, қоғамға үлгі болары сөзсіз, – деп атап өтті департамент өкілдері.
ҚАЖД қызметкерлері алдағы уақытта да экологиялық іс-шараларға белсенді қатысып, қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастырмақ.