Маңғыстауда сотталғанның жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылды

Маңғыстауда сотталғанның жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылды

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД Жаңаөзен қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғанға қатысты сот үкімі шықты.

Ұрлық жасағаны үшін 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған азамат пробация бақылауында болған уақытында уақтылы тіркеуге келмей, сот белгілеген талаптар мен шарттарды бірнеше рет бұзды. Осыған байланысты пробация қызметі сотқа жазаны бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсыныс жолдады.

Сот шешімімен сотталғанның жазасы өзгертіліп, ол сот залында қамауға алынды. Жазаның қалған бөлігін Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады.

Пробация қызметі сотталғандардың құқықтық тәртіпті сақтауын қатаң бақылап, заң талаптарын бұзған жағдайда тиісті шаралар қабылдайтынын ескертеді.