
Жазасын өтеп жатқан адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау мәселесі Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшылығының тұрақты бақылауында.
«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы, әділет полковнигі Руслан Уразбаев №43 және №77 мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдарды жеке қабылдады.
Кездесу барысында сотталғандар мекеме басшылығына тікелей жүгініп, ұстау жағдайлары, жазаны өтеу тәртібі, еңбекпен қамту, медициналық көмек көрсету және басқа да мәселелер бойынша өз сауалдары мен ұсыныстарын жеткізді.
Департамент бастығы әрбір өтінішті жеке қарап, көтерілген мәселелер бойынша қажетті түсініктемелер берді. Қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер бойынша жауапты қызметкерлерге тиісті тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынды.
«Біздің басты міндетіміз — мекемелерде заң талаптарының, белгіленген тәртіптің, сондай-ақ сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қатаң сақталуын қамтамасыз ету. Сонымен қатар сотталғандармен тұрақты кері байланыс орнатудың маңызы зор. Мұндай кездесулер туындаған мәселелерді дер кезінде анықтап, оларды заң аясында шешуге мүмкіндік береді», — деді әділет полковнигі Руслан Уразбаев.
Қылмыстық-атқару жүйесінде сотталғандарды түзеу және қоғамға қайта бейімдеу мәселелеріне де ерекше мән беріледі. Оларды еңбекке тарту, кәсіптік дағдыларын дамыту және заңға бағынатын мінез-құлқын қалыптастыру — жазасын өтегеннен кейін қоғамға қайта оралуына ықпал ететін маңызды бағыттардың бірі.
Жеке қабылдаулар сотталғандардың өтініштерін уақтылы қарауға, проблемалық мәселелерді анықтауға және оларды заң талаптарына сәйкес шешуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде қылмыстық-атқару жүйесі қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінде атап өткендей, «Заң мен тәртіп» қағидаты белгіленген талаптарды сақтау ғана емес, сонымен қатар әрбір адамның құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуді көздейді.
Бұл бағыттағы жұмыстар Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің тұрақты бақылауында.