Жоспардан тыс аттестаттау туралы

Жоспардан тыс аттестаттау туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 26 наурыздағы №218 бұйрығына (бұдан әрі – Бұйрық) сәйкес, Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінде қызметкерлерді жоспардан тыс аттестаттау өткізіледі.

Аттестаттаудың мақсаты – жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну үшін кадрлық жоспарлауды қамтамасыз ету.

ҚР ІІМ-нің 2025 жылғы 26 наурыздағы №218 бұйрығына сәйкес, Департамент бастығының номенклатурасына кіретін лауазымдарды атқаратын және жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдірген қызметкерлер хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құраммен жұмыс бөлімшесіне төмендегі құжаттарды ұсынуы қажет:

  • 1-қосымшаға сәйкес баянат;

  • «1С» жүйесі арқылы қалыптастырылған қызметтік тізім.

Жоспардан тыс аттестаттауға келесі санаттағы қызметкерлер жіберілмейді:

  1. басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтіндер (ІІМ-нің 2020 жылғы 12 маусымдағы №463 бұйрығы);

  2. қолданыстағы тәртіптік жазасы бар қызметкерлер;

  3. қызметтік тексеру немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан тұлғалар.


БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫ

1) Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бөлімшесінің бастығы (C-SVO-6)

  • қызмет бағытына сәйкес жоғары білім;

  • құқық қорғау органдарында, арнайы мемлекеттік органдарда, әскери қызметте немесе судья лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;

  • мемлекеттік қызмет өтілі – кемінде 5 жыл;

  • қызмет бағытына сәйкес саладағы жұмыс өтілі – кемінде 5 жыл;

  • Президенттік жастар кадр резервіне енгізілген тұлғалар үшін – кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

2) Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мекемесі бастығының орынбасары (C-SGU-6)

  • қызмет бағытына сәйкес жоғары білім;

  • құқық қорғау органдарында, арнайы мемлекеттік органдарда, әскери қызметте немесе судья лауазымында кемінде 6 жыл жұмыс өтілі;

  • мемлекеттік қызмет өтілі – кемінде 6 жыл;

  • қызмет бағытына сәйкес саладағы жұмыс өтілі – кемінде 8 жыл;

  • Президенттік жастар кадр резервіне енгізілген тұлғалар үшін – кемінде 7 жыл жұмыс өтілі.

3) Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қалалық/аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы (C-SVR-4)

  • жоғары арнайы немесе қызмет бағытына сәйкес жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

  • құқық қорғау органдарындағы жұмыс өтілі – кемінде 4 жыл;

  • арнайы мемлекеттік органдарда, әскери қызметте немесе судья лауазымында кемінде 4 жыл жұмыс өтілі;

  • мемлекеттік қызмет өтілі – кемінде 5 жыл;

  • қызмет бағытына сәйкес саладағы жұмыс өтілі – кемінде 6 жыл;

  • Президенттік жастар кадр резервіне енгізілген тұлғалар үшін – кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

4) Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мекемесінің бөлім бастығы (C-SGU-8)

  • жоғары арнайы немесе қызмет бағытына сәйкес жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

  • құқық қорғау органдарындағы жұмыс өтілі – кемінде 4 жыл;

  • арнайы мемлекеттік органдарда, әскери қызметте немесе судья лауазымында кемінде 4 жыл жұмыс өтілі;

  • мемлекеттік қызмет өтілі – кемінде 4 жыл;

  • қызмет бағытына сәйкес саладағы жұмыс өтілі – кемінде 6 жыл;

  • Президенттік жастар кадр резервіне енгізілген тұлғалар үшін – кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

Қосымша ақпарат алу үшін Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Жеке құраммен жұмыс бөлімшесіне хабарласуға болады.

Телефон: 8 (7242) 54-46-26
Электрондық пошта: ai.unaybaeva@mvd.gov.kz

Ескерту: жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді.

Маңғыстау облысы бойынша
Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің
Жеке құраммен жұмыс бөлімшесі