Өңірде «Квадрат» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Өңірде «Квадрат» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

2026 жылғы 1–5 мамыр аралығында Маңғыстау облысының аумағында «Квадрат» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ қайталама қылмыстылық деңгейін төмендету.

Іс-шара аясында ҚАЖД пробация қызметінің қызметкерлері полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп, пробация есебінде тұрған тұлғаларды тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеруде. Сонымен қатар, азаматтармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заң талаптары мен жауапкершілік шаралары түсіндірілуде.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқықтық тәртіпті нығайту – іс-шараның басты бағыттарының бірі.