Түпқараған ауданында пробация саласындағы бақылау күшейтіледі

Түпқараған ауданында пробация саласындағы бақылау күшейтіледі

Түпқараған ауданында прокуратураның бастамасымен пробация мәселелеріне арналған ведомствоаралық кеңес өтті.

Жиынға мемлекеттік органдардың өкілдері, қала және ауылдық округ әкімдері қатысты. Кеңесте пробация қызметі бөлімінің бастығы Айхайбек Нақов баяндама жасады.

Күн тәртібінде пробация есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту, әлеуметтік бейімдеу және қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша бірқатар проблемалық мәселелер айқындалып, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктелді. Сонымен қатар, олардың орындалу мерзімдері белгіленіп, аталған тапсырмалардың орындалуы аудан прокуратурасының бақылауына алынды.