«Заң мен тәртіп»: Ақтауда студент жастармен профилактикалық кездесу өтті

«Заң мен тәртіп»: Ақтауда студент жастармен профилактикалық кездесу өтті

Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығымен бірлесе ұйымдастыруымен Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінде студент жастармен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында профилактикалық кездесу өткізілді. Іс-шара барысында суицид, лудомания және нашақорлықтың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды.

Аталған шараға спикер ретінде Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы Ерлан Мукишов және №77 мекемесінің инспектор-психологы Тоғжан Жиембаева қатысты.

Кездесу барысында жастарға құқықтық сауаттылық, өмірлік жауапкершілік және зиянды әдеттердің салдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, іс-шара аясында телекөпір форматында мекемеде жазасын өтеуші азаматпен байланыс орнатылып, оның өмірлік тәжірибесі арқылы құқық бұзушылықтың салдары нақты көрсетілді.

Шараның мақсаты – жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және саналы өмірлік ұстанымды қалыптастыру.