Маңғыстауда ҚАЖД жұмысы қорытындыланды

Маңғыстауда ҚАЖД жұмысы қорытындыланды

Маңғыстау облысында Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмысы қорытындыланды.

Аппараттық кеңес департамент бастығы, әділет полковнигі Руслан Уразбаевтың төрағалығымен өтті. Жиынға мекеме басшылары, қала және аудандық пробация қызметі бөлімдерінің жетекшілері, сондай-ақ жеке құрам қатысты.

Кеңес барысында қылмыстық-атқару жүйесі қызметтерінің бірінші тоқсандағы жұмысы сараланып, негізгі көрсеткіштер талқыланды. Ерекше назар құқық бұзушылықтардың алдын алу, сотталғандарды түзету және қызмет тиімділігін арттыру мәселелеріне аударылды.

Руслан Уразбаев Ішкі істер министрлігінде өткен алқа отырысында берілген тапсырмалар мен нұсқауларды жеткізіп, олардың орындалуын қатаң бақылауды тапсырды.

Сонымен қатар жиында қызметтік тәртіпті сақтау, заңдылықты қамтамасыз ету және жеке құрамның кәсіби деңгейін арттыру мәселелері көтерілді.

Кеңес қорытындысы бойынша алдағы кезеңге нақты міндеттер айқындалып, тиісті тапсырмалар берілді.