
Маңғыстау облысында Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің кітапхана қорын толықтыруға бағытталған әлеуметтік-мәдени іс-шара өтті.
Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №43 мекемесінің кітапханалық қорына 106 дана кітап табыстады.
Кітаптар қоры көркем әдебиет, танымдық және білім беру бағытындағы басылымдардан тұрады. Бұл басылымдар оқырмандардың рухани дамуына, ой-өрісін кеңейтуіне және кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Мекеме бастығы әділет полковнигі Сансызбай Аминовтың айтуынша, мұндай бастамалар мекемедегі мәдени-ағартушылық жұмысты күшейтіп, сотталған азаматтардың өзін-өзі дамытуына және қайта әлеуметтенуіне оң ықпал етеді.
Тараптар алдағы уақытта да өзара ынтымақтастықты жалғастырып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.