Офицерлер әулетінің жалғасы: қызметке адалдық – отбасылық құндылық

Офицерлер әулетінің жалғасы: қызметке адалдық – отбасылық құндылық

Наурызнама онкүндігі аясында аталып өтетін Шаңырақ күні – отбасы бірлігі мен ұрпақ сабақтастығын дәріптейтін ерекше күн. Осыған орай Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №77 мекемесінде офицерлер әулетінің дәстүрін жалғастырып келе жатқан қызметкерлердің бірі – Нұрлыбаева Ханшайым Бақытжанқызы.

Нұрлыбаева Ханшайым Бақытжанқызы 2013 жылдан бері ішкі істер органдарының қатарында абыроймен қызмет етіп келеді. Қазіргі уақытта ол №77 мекемесінің тылдық қамтамасыз ету бөлімі бастығының орынбасары лауазымын атқарады.

Оның бұл жолды таңдауы кездейсоқ емес. Ханшайым Бақытжанқызы – офицерлер әулетінің лайықты жалғастырушысы. Әкесі Серікбаев Бақытжан ішкі істер саласында 20 жылдан астам уақыт қызмет атқарып, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесін қосқан. Бүгінде ол құрметті демалыста. Сонымен қатар атасы мен әкесінің ағасы да өмірлерін тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауға арнаған.

Осындай өнегелі әулеттің дәстүрін жалғастыру – үлкен жауапкершілік пен мақтаныш. Атадан балаға мирас болған адал қызмет жолын жалғастырып, ел игілігі үшін еңбек ету – Нұрлыбаева Ханшайым Бақытжанқызының басты ұстанымы.

https://www.instagram.com/reel/DV82cT9DN9u/?igsh=MWowbHBhdDQwcXQ4Yg==