Бостандық қарсаңында: Маңғыстауда босатылатын тұлғаларды сүйемелдеудің ведомствоаралық алгоритмі әзірленді

Бостандық қарсаңында: Маңғыстауда босатылатын тұлғаларды сүйемелдеудің ведомствоаралық алгоритмі әзірленді

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №43 мекемесінде қоғаммен жұмыс жөніндегі басқарма, көші-қон қызметі және желілік полиция бөлімі өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті. Шараға сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің мамандары да қатысты.

Кездесу барысында сотталғандарды босатуға дайындау, құжаттарын уақтылы рәсімдеу, алдағы уақытта тұратын жерін анықтау, сондай-ақ босап шыққаннан кейін профилактикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алуға, босатылатын тұлғалардың әлеуметтік бейімделуіне және жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге бағытталған ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайту және сотталғандарды босату кезіндегі іс-қимылдардың бірыңғай алгоритмдерін әзірлеу туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.