Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері донорлық акцияға қатысты

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері донорлық акцияға қатысты

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері донорлық акцияға қатысты.
Департамент пен оған қарасты мекемелердің жеке құрамы облыстық қан орталығында қан тапсырып, маңызды әлеуметтік бастаманы қолдады.

Донорлық шараға № 43 мекеменің бастығы Сансызбай Аминов та қатысып, әріптестеріне жеке үлгі көрсетті.

Қыс мезгілінде ауа райының қолайсыздығына және көктайғаққа байланысты жол-көлік оқиғалары мен тұрмыстық жарақаттар саны дәстүрлі түрде артады. Осындай жағдайларда донорлық қанға деген қажеттілік едәуір өседі.

№ 43 мекеменің бастығы Сансызбай Аминов өз сөзінде:

«Донор болу — бұл адамдарға көрсетілетін нақты көмек. Әсіресе қыс мезгілінде жол-көлік оқиғалары мен көктайғақ салдарынан жарақат алған азаматтарға қан аса қажет. Сондықтан мұндай бастамаларға белсенді қатысуды әрбір азаматтың азаматтық әрі адамгершілік борышы деп санаймын», — деді.

Аталған іс-шара өңірлік қан қорын толықтыруға және зардап шеккен азаматтарға уақтылы медициналық көмек көрсетуге бағытталған. Департамент басшылығы алдағы уақытта да осындай қайырымдылық акциялар жалғасын табатынын атап өтті.