2025 жылғы 17–19 шілде аралығында Ақмола облысы Щучинск қаласында Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің аумақтық департаменттері арасында самбодан XIII чемпионат өтті. Дәстүрлі турнирге еліміздің барлық өңірлерінен спортшылар қатысты.
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әділеттің кіші сержанты Нұрберген Исанбаев жартылай финалда Қостанай облысынан келген спортшыны, ал финалда — тартысты белдесуде Қарағанды облысының балуанын жеңіп, алтын медаль жеңіп алды. Енді ол 31 шілде мен 2 тамыз аралығында Қарағандыда өтетін құқық қорғау органдары мен арнайы күш құрылымдары қызметкерлері арасындағы самбо чемпионатына қатысады.
Сондай-ақ қола медаль иеленгендер:
— әділет сержанты Нұрдәулет Әбдіманапұлы (64 кг дейін),
— әділеттің кіші сержанты Асхат Динасилов (58 кг дейін),
— әділет капитаны Асқар Әбдіраш (79 кг дейін).
Командалық есеп бойынша Маңғыстау облысының құрамасы үшінші орынды иеленді.
Чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚАЖ комитетінің дипломдары және медальдарымен марапатталды.