Маңғыстау мекемесінде Халықаралық Нельсон Мандела күніне орай тақырыптық кездесу өтті

Маңғыстау мекемесінде Халықаралық Нельсон Мандела күніне орай тақырыптық кездесу өтті

18 шілдеде жыл сайын аталып өтетін Халықаралық Нельсон Мандела күніне орай №43 мекемесінде (қоныс-колониясында) мекеме бастығы Сансызбай Аминовтың төрағалығымен тақырыптық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – сотталған азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, төзімділік пен адам құқықтарына құрметпен қарауды дамыту.

Кездесуге Маңғыстау облысы бойынша ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің өкілі Аслан Кужиев пен пауэрлифтингтен әлем чемпионы Асқар Шоханов арнайы шақырылды. Қонақтар Нельсон Манделаның күресі мен мұрасы туралы баяндап, адам құқықтарының маңыздылығына, әрбір тұлғаның қадір-қасиетін сақтау қажеттігі, өмірлік қиындықтарды еңсеруде сенім мен табандылықтың рөлін атап өтті.