Ұлттық домбыра күніне орай Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері теңіз жағалауында ерекше форматта мерекелік іс-шара өткізді.
Каспийдің көгілдір жағалауында қолдарына домбыра ұстаған қызметкерлер ұлттық әуендер шырқап, күй тартып, мерекенің сәнін келтірді. Домбыраның күмбірлеген үні мен теңіз толқындарының сыбдыры бір-бірімен үйлесіп, шараға ерекше әсер сыйлады.
Бұл бастама ұлттық өнерді дәріптеуге, қазақтың мәдени мұрасын ұлықтауға және рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталды. Сонымен қатар, осындай шаралар арқылы қызметкерлер жас буынды ұлттық өнерді қадірлеуге және сақтауға үндейді.