Маңғыстауда Қазақстан полициясы күні аталып өтті

Маңғыстауда Қазақстан полициясы күні аталып өтті

23 маусым – Қазақстан полициясы күніне орай Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде мерекелік іс-шара өтті.

Салтанатты жиынға департамент пен оған қарасты мекемелердің басшылығы, саланың ардагерлері және жеке құрам қызметкерлері қатысты.

Іс-шараны департамент бастығы, әділет полковнигі Алтынбек Қалиев ашып, барша қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ерен еңбектері үшін алғыс білдірді.

Сондай-ақ, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Досымбек Бегалиев сөз сөйлеп, жас мамандарға сәттілік тілеп, ардагерлер атынан ізгі лебізін жеткізді.

Мерекелік бағдарлама барысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен бірқатар қызметкерлерге мерзімінен бұрын арнайы атақтар, «Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі, «Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі» төсбелгісі және ҚР ІІМ-нің Алғыс хаттары табысталды.

Бұдан бөлек, департамент бастығының бұйрығымен ардагерлер мен қызметкерлер құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

Іс-шара мерекелік концертпен жалғасты.