ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары, әділет полковнигі Жәнібек Баймағанбетов Маңғыстау облысына сапар аясында аймақтық ҚАЖ департаментінің бастығы, әділет полковнигі Алтынбек Қалиевпен бірге №43 мекемеге (қоныс-колониясы) және №77 мекемеге (тергеу изоляторы) барды.
Сапар кезінде мекемелердің техникалық базасы, кезекші бөлімдері, бейнебақылау операторларының посттары және өтініштер мен шағымдарды қабылдауға арналған электрондық терминалдардың жұмысы тексерілді.
⠀
Негізгі назар мекемелердің техникалық жабдықталуына, цифрландыру деңгейіне және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелеріне аударылды.
⠀
№77 мекеме базасында пилоттық жоба іске асырылуда — тергеу изоляторының ғимаратына ұялы байланысты толықтай бұғаттайтын арнайы құрылғылар орнатылған.
⠀
Осыған байланысты «Кар-Тел» ЖШС (Beeline сауда белгісі), «Кселл» АҚ (Activ) және «Tele2» байланыс операторларының өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында сигналдарды бұғаттауға қатысты техникалық және ұйымдастырушылық мәселелер, сондай-ақ ҚАЖ мекемелері мен байланыс операторлары арасындағы өзара іс-қимыл бағыттары талқыланды.
⠀
Мекемелерге барғаннан кейін Жәнібек Сағындықұлы ҚАЖ департаментінің тарих музейіне барып, экспонаттармен танысты.
⠀
Кейіннен ол департаменттің жеке құрамымен жұмыс кеңесін өткізіп, Ішкі істер министрі мен оның орынбасарының тапсырмаларын жеткізді. Кеңес барысында нақты міндеттер жүктеліп, алдағы кезеңге арналған басым бағыттар белгіленді.