Маңғыстау облысындағы №43 мекемесі - қоныс-колониясында мекеме бастығы Сансызбай Аминовтың жетекшілігімен «Қақпа алдындағы кездесу» әлеуметтік жобасы аясында кездесу өтті. Іс-шараға Ақтау қаласындағы әлеуметтік бейімдеу орталығының, «РАЙ» әлеуметтік көмек көрсету орталығының өкілдері және мекеме қызметкерлері қатысты.
«Жоба аясында біз жазасын аяқтап, бостандыққа шығуға дайындалып жатқан азаматпен кездестік. Кездесудің мақсаты – оған әлеуметтік және психологиялық тұрғыдан бейімделуге көмектесу», – деді мекеме өкілдері.
Тұрақты баспанасы болмағандықтан, ол уақытша әлеуметтік бейімдеу орталығына орналастырылды. Орталық мамандары оған жұмыс табуға, кәсіптік білім алуға, қажетті құжаттарды рәсімдеуге және психологиялық қолдау көрсетуге көмектеседі. Бұл шаралардың барлығы оның қоғамға сәтті бейімделуіне және қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.