Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері Халықаралық йога күніне орай өткен шараға қатысты

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері Халықаралық йога күніне орай өткен шараға қатысты

21 маусым күні Халықаралық йога күні аясында Ақтау қаласының жағалауында таңғы жаппай йога жаттығуы өтті. Іс-шараны  “Сәлем Namaste” үнді этномәдени бірлестігі ұйымдастырды.

Йога жаттығуына Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері де қатысып, физикалық әрі менталдық саулықты нығайтуға деген қызығушылықтарын және халықаралық мәдени бастамаларға ашықтықтарын көрсетті.

«Мұндай шаралар адамдарды біріктіреді, өзін-өзі дамытуға шабыттандырады және ішкі үйлесімнің маңыздылығын еске салады. Біз әріптестерімізбен бірге сергектік пен жағымды көңіл-күй алдық, бұл — басқаларға үлгі боларлық жақсы бастама», — деп әсерлерімен бөлісті қызметкерлер.