Маңғыстауда сотталғандар арасында Ұлттық ойындар күніне орай спорттық-мәдени шара өтті

Маңғыстауда сотталғандар арасында Ұлттық ойындар күніне орай спорттық-мәдени шара өтті

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №43 мекемесінде (қоныс-колониясы) жазасын өтеушілер арасында Ұлттық ойындар күніне орай спорттық-мәдени шара ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты — қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойындарын насихаттау, жазасын өтеушілердің бос уақытын тиімді ұйымдастырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Жазасын өтеушілер арқан тарту, асық ату, тоғызқұмалақ сынды ата-бабадан жеткен ұлттық ойындар бойынша өзара бақ сынасты. Жарыс тартысты әрі жоғары белсенділікпен өтті.

Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған қатысушыларды мекеме бастығы, әділет полковнигі Сансызбай Аминов арнайы марапаттап, I, II, III орын иелеріне алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.

Мекеме әкімшілігінің айтуынша, мұндай шаралар жазасын өтеушілердің рухани-мәдени дамуына оң әсер етіп, олардың қоғамға қайта бейімделуіне ықпал етеді.