№ 38 мекемеде"қақпа алдында кездесу" өтті

№ 38 мекемеде"қақпа алдында кездесу" өтті

"Қостанай қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ жетекші мамандары Жанар Қасымова; "Қостанай қаласының өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды бейімдеу және қайта әлеуметтендіру орталығы" КММ Катпенова Назымгүл; пробация қызметінің инспекторы әділет аға лейтенанты Жаркен Нұрбол; жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары әділет майоры Алексей Востротин; "№3 емхана"КММ басшысының орынбасары тартылды 

Мамандардың әрқайсысы ұйымдардың кейіннен босатылған адамдарға қандай көмек көрсете алатынын түсіндірді. Осылайша, сотталғандарға ыстық тамақпен қамтамасыз етусіз тәуліктің түнгі уақытында (жылдың жаз мезгілінде 21 сағаттан 9 сағатқа дейін, жылдың қыс мезгілінде 18 сағаттан 10 сағатқа дейін) төсек-орын беру мүмкіндігі туралы хабарланды, түнгі болу бөлімшесі Қостанай қаласы, Қобыланды батыр көшесі, 21/3 мекенжайында орналасқан. Сондай-ақ, сотталған босатылғаннан кейін, жұмыспен қамту қызметіне жүгінген кезде қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмысқа орналасуға жәрдемдесетін болады.