"Шартты айыптау"дегеніміз не?

"Шартты айыптау"дегеніміз не?

Шартты түрде соттау-жазаны нақты өтеусіз орындау үшін сотталған адам өзінің түзелгенін дәлелдеуі тиіс сынақ мерзімін белгілеуден тұратын қылмыстық құқықтық сипаттағы шара. Бұл ретте оның мінез-құлқын арнаулы мемлекеттік орган бақылайтын болады, оған оны түзетуге ықпал ететін қосымша міндеттер жүктелуі мүмкін. Егер сынақ мерзімі ішінде сотталған адам өзіне сот жүктеген міндеттерді бақылаудан және орындаудан жалтарса, құқық бұзушылықтар немесе қылмыстар жасаса, есепте бола тұра, шартты түрде соттаудың күші жойылуы мүмкін, содан кейін тағайындалған жаза нақты орындала бастайды, яғни шартты түрде сотталған адам жазасын одан әрі өтеу үшін айыру орындарына жіберіледі. Сынақ мерзімі аяқталғаннан кейін немесе егер сынақ мерзімі аяқталғанға дейін шартты түрде сотталған адам өзінің мінез-құлқымен түзелгенін дәлелдесе, сотталғаннан шектеулер алынып тасталады, соттылығы жойылады.
Айта кету керек, бостандықты шектеу – бұл ең алдымен қылмыстық жаза, ал шартты түрде соттау – сотталушыға өзінің түзелгенін дәлелдеуге мүмкіндік беру үшін тағайындалған жазаның нақты өтеуін сынақ мерзімімен алмастыру.