Қостанай қ. пробация қызметінің орындауына З.... сотталғанға қатысты үкім түсті ҚР ҚК-нің 296-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылық жасауда қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза 70 сағатқа тағайындалды. Сотталған З ... оған шығарылған үкімге аса мән беріп, өзінің түзелгенін дәлелдеу үшін Қостанай қаласындағы жазасын өтеу орны бойынша қоғамдық жұмыстарды атқарды.
Қоғамдық жұмыстар сотталғандардың және жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастыратын, белгілі бір біліктілікті талап етпейтін тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады.
Қоғамдық жұмыстардан жалтарған жағдайда, олар қоғамдық жұмыстардың жұмыс істелмеген төрт сағаты үшін қамаққа алудың бір тәулігі есебімен қамаққа алуға ауыстырылады. Сотталған жазасын өтеуден жалтарған кезде Пробация қызметі үш жұмыс күні ішінде сотқа қоғамдық жұмыстарды қамаққа алумен, бас бостандығын шектеумен не бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы ұсыныс жібереді.
Сотталған адам жазаны өтеуден жалтарғаны үшін қоғамдық жұмыстарды ауыстыру туралы ұсыныс қайта бұзушылық анықталған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде, ал тұрғылықты жерінен жасырынған адамдарға қатысты бастапқы іздестіру іс-шаралары жүргізілгеннен кейін сотқа жіберіледі.
Тұрғылықты жерінен жасырынған, тұрғылықты жері белгісіз сотталған адамға қатысты пробация қызметі бастапқы іздестіру іс-шараларын жүзеге асырады және сотқа оған іздестіру жариялау туралы ұсыну енгізеді.