📌Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері Қостанай облысы Полиция департаментінің құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында өткен атыс жарысына қатысып, жоғары нәтижелер көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша Қостанай облысы бойынша ҚАЖД командасы жалпыкомандалық есепте 3-орынға ие болды.
Жекелей біріншілікте:
* №76 мекемесінің режим және күзет бөлімінің бастығының орынбасары, әділет капитаны Асқар Құснияров Калашников автоматынан ату бойынша 3-орын алды;
* №38 мекемесінің кезекші қызметінің мекеме бастығының кезекші көмекшісі, әділет майоры Андрей Троян Макаров тапаншасынан статикалық ату бойынша 3-орынға ие болды.