Арқалық өңірлік ауруханасы психологтары №41 мекемесіне барып, жеке құраммен суицидтік мінез-құлықтың алдын алу және психологиялық денсаулықты сақтау мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Арқалық өңірлік ауруханасы психологтары №41 мекемесіне барып, жеке құраммен суицидтік мінез-құлықтың алдын алу және психологиялық денсаулықты сақтау мәселелері бойынша кездесу өткізді.

 

Іс-шара барысында мамандар эмоционалдық күйзелістің, стресс жағдайларының негізгі себептерін және адамның психоэмоционалдық жағдайына кері әсер етуі мүмкін факторларды талқылады. Сонымен қатар, психологиялық көмекке дер кезінде жүгінудің маңыздылығы, әріптестер мен жақындардың қолдауы, сондай-ақ ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.