
№38 мекемесінде сотталғандарға арналған ашық аспан астында кешкі патриоттық кино көрсетілімі ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Ұлы Отан соғысы тақырыбындағы «А зори здесь тихие» фильмі ұсынылды. Фильмде Отан қорғаушылардың ерлігі, батылдығы мен соғыс жылдарындағы ауыр тағдырлары баяндалады. Кино көрсетілімінің мақсаты – сотталғандар арасында патриоттық рухты қалыптастыру, тарихи жадыны дәріптеу және ерлікке құрмет көрсету.