🎉Құрметті отандастар!
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің атынан сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
🎖️Бұл күн – ерлік, жауапкершілік пен Отанға деген адалдықтың символы. Еліміздің қорғаушылары қатарында адам өмірін сақтап қалу мен халыққа көмек көрсету секілді маңызды миссияны атқарып жүрген әріптестеріміз – медицина қызметкерлерінің бар екеніне біз мақтанамыз. Олар күрделі далалық жағдайларда да өз міндеттерін адал орындап келеді.
🔝Бүгінде елімізде денсаулық сақтау жүйесі қарқынды дамып келеді: жаңа медициналық мекемелер салынуда, заманауи технологиялар енгізілуде, өңірлерде медициналық көмектің қолжетімділігі артып отыр. Бұл – бүкіл саланың елеулі еңбегі, әрі ол қоғам үшін әскери қызмет секілді маңызды.
🇰🇿Әскери формада болсын, ақ халатта болсын – өз борышын адал атқарып жүрген барша азаматтарға алғысымызды білдіреміз.
Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, амандық пен тыныштық тілейміз!