Астана қаласындағы Ардагерлерге арналған Орталық клиникалық госпитальде жыл сайын 2,5 мыңға жуық адам медициналық көмек алады. Олардың қатарында Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер, интернационалист-жауынгерлер, Чернобыль апатына қатысқандар, саяси қуғын-сүргін құрбандары, Семей полигонынан зардап шеккендер және оларға теңестірілген өзге де азаматтар бар.
Госпиталь пациенттерінің орташа жасы шамамен 70 жасты құрайды.
🔵Стационарда рентгенография, ФГДС, барлық түрдегі УДЗ, ЭКГ, СМАД және басқа да зерттеп-қарауларды қамтитын толық консультациялық-диагностикалық көмектің толық спектрі көрсетіледі.
Мекемеде асептикалық блоктары бар госпиталдық фармация бөлімі, өз зертханасы және диетолог дәрігердің бақылауымен емдік тағам әзірленетін асхана жұмыс істейді.
🤝Жеңіс күні қарсаңында госпиталге Парламент Сенатының депутаттары келді. Іс-шараға Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов пен госпиталдің директоры Динара Уразалина қатысты.
Депутаттар медициналық көмектің жағдайымен танысып, бөлімшелерді аралап, пациенттермен және медицина қызметкерлерімен әңгімелесті.
⚡️Назар аударылған басты мәселелер — заңнамалық нормалардың жүзеге асырылуы, ресурстық қамтамасыз ету және ардагерлер мен оларға теңестірілген азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік қолдау деңгейі.
Сенаторлар әскери-медициналық жүйені одан әрі нығайтудың, нормативтік базаны жетілдіру мен ведомствоаралық өзара іс-қимылды дамытудың маңыздылығын атап өтті.