ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ «МЕЙІРГЕРЛІК ҒЫЛЫМ» БІЛІМ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША PHD ДӘРЕЖЕСІ БЕРІЛДІ

ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ «МЕЙІРГЕРЛІК ҒЫЛЫМ» БІЛІМ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША PHD ДӘРЕЖЕСІ БЕРІЛДІ

 

Қазақстан тарихында алғаш рет «Мейіргерлік ғылым» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді. Бұл дәрежеге Астана Медицина университетінің докторанты Александра Машарипова ие болды.

Ол докторантураны сәтті аяқтап, «Қазақстан Республикасында паллиативтік мейіргер көмегін жетілдіру» тақырыбында диссертациясын сәтті қорғады. Ғылыми зерттеу жалпы дәрігерлік практика кафедрасы мен дәлелді медицина курсы базасында, «Қазақстанның паллиативтік көмек қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен жүргізілді. Ғылыми жетекшілері – доцент Насихат Нұрғалиева мен кафедраның меңгерушісі Гүлмира Дербісалина болды.

«Мейіргелік ғылым» білім беру бағдарламасы Қазақстанда 2020 жылы енгізілді. Бұл Erasmus+ AccelEd халықаралық жобасының («Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінде мейіргерлік іс магистратура мен PhD докторантура деңгейінде жетілдіру») шеңберінде мүмкін болды. Жоба мейіргер ғылымын дамытуға, зерттеу әлеуетін арттыруға, сондай-ақ денсаулық сақтау мен медициналық білім беру салаларында басқару мен жаңғыртуға бағытталған.