ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСШЫСЫ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН АЛМАТЫНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ҰЙЫМДАРЫНА БАРДЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСШЫСЫ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН АЛМАТЫНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ҰЙЫМДАРЫНА БАРДЫ

 

 

Денсаулық сақтау министрі жұмыс сапарымен Алматы қаласына барып, республикалық клиника мен медициналық бұйымдар шығаратын кәсіпорынның қызметімен танысты.

 

✔️Сапар шеңберінде министр медициналық бұйымдар шығаруға және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға маманданған «Алмерек» ЖШС өндірістік алаңына барды. 

 

⚪️Ақмарал Әлназарова технологиялық үдеріспен, кәсіпорынның жабдықталуымен және жатырдан қан кетуді тоқтатуға арналған гинекологиялық жиынтықтар мен баллондардан бастап биоматериалдар мен терапиялық шпателдерге арналған контейнерлерге дейін шығарылатын өнімнің ассортиментімен танысты.

 

⚡️Бүгінгі таңда кәсіпорын жылына 25 млн бірлікке дейін өнім шығарады,оның 70%-ға жуығы қазақстандық құрамдағы бұйымдар. Өндіріс ISO 13485 халықаралық стандарты бойынша сертификатталған және ұзақ мерзімді келісімшарттар шеңберінде үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ете отырып, «СҚ-Фармация» ЖШС мемлекеттік дистрибьюторымен белсенді ынтымақтасады.

 

Бұдан әрі ведомство басшысы Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығында болып, ағымдағы эпидемиологиялық жағдай, ғылыми зерттеулер, сондай-ақ инфекциялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін енгізу туралы ақпаратты тыңдады.

 

📌Сапардың соңында министр Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының ұжымымен кездесті. Орталықта АИТВ инфекциясының, вирустық гепатиттің, дерматовенерологиялық аурулардың профилактикасы, диагностикалау және емдеу бағдарламалары іске асырылады, сондай-ақ белсенді ғылыми-практикалық және білім беру қызметі жүргізіледі.

 

Кездесу барысында мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін кеңейту, клиникалық процестерді цифрландыру және саланың кадрлық әлеуетін нығайту жөніндегі шаралар талқыланды. 

 

🛡Министр медициналық мамандарды жүйелі даярлаудың және халыққа көмек көрсетуді ұйымдастыруда заманауи тәсілдерді енгізудің маңыздылығын атап өтті.