Бүгін Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде бірінші оқылымда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі заң жобасы қаралды және мақұлданды.
Азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатысуының жоғары деңгейі сәтті өтудің негізгі шарты болып табылады.
Бүгінгі таңда 16,9 млн адам (халықтың 83%-ы) сақтандырылған, бұл ретте 11,9 млн адам мемлекет жарналарын төлейтін жеңілдікті санаттардың өкілдері болып табылады.
⚜️Алайда, 3,4 миллионға жуық азамат жүйеден тыс қалады, оның ішінде:
* 2,4 млн — табысы қанағаттанарлық экономикалық белсенді азаматтар,
* 1 млн — әлеуметтік әл-ауқаттың дағдарыстық және шұғыл деңгейлеріне жататын табысы төмен осал санаттардың өкілдері.
👥Осыған байланысты, заң жобасында Мемлекет басшысының 2024 жылғы 7 ақпандағы тапсырмасына сәйкес МӘМС халықтың осал топтарын қамтуды арттыру тетіктері көзделген:
* Жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) азаматтардың жекелеген санаттары үшін МӘМС жүйесіне жергілікті бюджет қаражатынан аударымдар жүргізуге міндетті болады.
* Сондай-ақ ресми тіркелген жұмыссыздар үшін жарналарды төлеуді жергілікті бюджеттерге аудару ұсынылады, бұл жүктемені республикалық және жергілікті билік деңгейлерінің арасында әділ бөлуді қамтамасыз етеді.
📈Осы шаралардың арқасында 2026 жылы МӘМС жүйесімен қосымша 1 миллионнан астам адам қамтылады деп күтілуде:
* Халықтың тағы 5%-ы үшін жоспарлы және сапалы медициналық көмекке қол жеткізу,
* Азаматтардың денсаулығы мен әл-ауқатының жалпы деңгейін арттыру.
2027 жылдан бастап Қазақстан барлық тараптардың — мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың өзінің ортақ жауапкершілігінің барынша жоғары дәрежесімен толыққанды сақтандыру моделіне көшуді жоспарлап отыр.
🎯МӘМС жүйесіне әлі кірмеген еңбекке қабілетті азаматтар үшін (шамамен 2,4 млн адам) ұсынылатын шарттар қаржылық жағынан қолжетімді болып қалады:
✔️Айына 4250 теңге немесе жылына 51 000 теңге.
🛡Бұл шаралар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексте бекітілген ортақ жауапкершілік қағидаттарын іске асыруға және азаматтың әлеуметтік жағдайына қарамастан медициналық көмекке әділ қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.