БАЗАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ БІРЫҢҒАЙ ПАКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТУРАЛЫ

БАЗАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ БІРЫҢҒАЙ ПАКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТУРАЛЫ

 

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде бірінші оқылымда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі заң жобасы қаралды және мақұлданды.

Мемлекет басшысы 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында бюджеттің мүмкіндіктері мен міндеттемелері тұрғысынан теңдестірілген базалық мемлекеттік медициналық көмектің бірыңғай пакетін қалыптастыруды тапсырды. 

 

«Мемлекет кепілдік берген пакет бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілуі тиіс. Оның үстіндегі барлық нәрсе сақтандыру жүйесі арқылы төленуі керек», — деп атап өтті ол. 

 

✔️Медициналық көмектің бірыңғай пакетін әзірлеу мыналарға бағытталған:

 

* азаматтар үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру,

* мемлекеттік және сақтандыру бағдарламаларының арасындағы қайталануды жою,

* медициналық көмек көрсету жүйесін құрылымдау және жеңілдету.

 

Әрбір азамат өзінің сақтандыру пакетінің құрамы және медициналық қызметтерді алу тетіктері туралы нақты түсінік алады. Бұл ашықтықты арттырады және пациенттердің денсаулық сақтау жүйесімен өзара іс-қимылын жеңілдетеді.

 

Бір пакеттік қаржыландыру моделіне көшу үшін Денсаулық сақтау министрлігі сыртқы сарапшылармен бірлесіп барлық медициналық қызметтер мен олардың құнына ауқымды талдау жүргізді. 

 

Халықты МӘМС жүйесімен барынша қамту және әлеуметтік мәртебесіне қарамастан медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету басымдық болып қала береді.

 

📌Бірыңғай пакетті енгізу:

 

* сақтандыру мәртебесіне қарамастан әлеуметтік маңызы бар ауруларды ерте диагностикалау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді кеңейтуге;

* медициналық көмек жүйесінің ашықтығы мен қарапайымдылығын қамтамасыз етуге;

* денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға және азаматтардың МӘМС жүйесіне толыққанды қатысуы үшін ынталандырулар жасауға мүмкіндік береді.