Қауіпті аурулардың тасымалдаушысы болып табылатын кенелердің белсенділігінің маусымдық өсуіне байланысты Денсаулық сақтау министрлігі халықты ашық жерде және үй жануарларына күтім жасау кезінде сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.
⚠️Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы - негізінен кене шағуы арқылы берілетін қауіпті вирустық ауру.
⠀
‼️Жұқтырмау үшін:
* аэрозол репелленттері мен жабық киімдерді пайдалану;
* күнделікті теріні және киімді тексеру;
* қорғаныссыз жануарлардың қанымен байланыста болудан аулақ болу;
* табиғи ошақтарда орналасқан жануарлар мен мал үй-жайларын кенеге қарсы өңдеуді жүргізу.
💉Қазіргі уақытта ККГҚ-ға қарсы вакцина жоқ. Емдеу уақтылы басталмаса, ККГҚ ауруы өлімге әкелуі мүмкін екенін ескере отырып, кене шағып алған кезде дереу медициналық көмекке жүгіну керек.
⛔️Кенелерді өз бетінше алып тастау ұсынылмайды!
🍀Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының аумағында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошақтары бар екенін естеріңізге сала кетейік.
🚨Табиғи ошақтардың болуының негізгі себебі -бұл аймақта иксод кенелерінің тіршілік етуі, олар ККГҚ-ның негізгі тасымалдаушылары болып табылады, ал кенелер үй және жабайы жануарларды паразиттейді.
🛌Кененің шағуынан зардап шеккен адамдардың ең көп саны мамыр-маусым айларында тіркеледі, олардың жылдық саны 7-ден 15 мыңға дейін болады.
Биылғы жылы эндемиялық аймақтардың медициналық ұйымдарына 434 адам кененің шағуына шағымданған.
😷 Кене шағуының профилактикасы мақсатында өңірлерде санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ККГҚ бойынша қолайсыз 149 елді мекеннің айналасында санитариялық қорғау аймақтарын құрды.
⛑️354 830 бас мал кенеге қарсы өңдеумен қамтылды, 155 елді мекенде мал үй-жайлары дезинсекцияланды.