КЕНЕ ЭНЦЕФАЛИТІ: ЖӘНДІКТЕРДІҢ ШАҒУЫНАН ҚАЛАЙ САҚТАНУҒА БОЛАДЫ?

КЕНЕ ЭНЦЕФАЛИТІ: ЖӘНДІКТЕРДІҢ ШАҒУЫНАН ҚАЛАЙ САҚТАНУҒА БОЛАДЫ?

 

Көптен күткен жылу келді және қыста ұмытылған көптеген ойын-сауық пен демалыс түрлерін әкелді. Бірақ, өкінішке орай, ашық ауада уақыт өткізу тек жағымды сезімдер әкелмейді. Кенені көктемде және жазда табиғатта, әсіресе орманда «ілестіру»қаупі көпшілікке белгілі.
Кенелер үнемі аурудың тасымалдаушысы бола бермейді - көп жағдайда олардың шағуы зиянсыз, бірақ кейбіреулері әртүрлі ауруларды, соның ішінде кене энцефалитін тасымалдауы мүмкін.
Кене энцефалиті келесідей беріледі:
- вирус жұқтырған иксод кенесі жабысқан кезде;
- кенелердің жаппай шабуылы кезінде ешкілердің, қойлардың, сиырлардың шикі сүтінде сирек жағдайда вирус болуы мүмкін;
- кенені жаншығанда немесе шаққан жерін қасығанда.

Кене энцефалиті ауруының белгілері: жалпы әлсіздік, бастың ауруы, жүректің айнуы, құсу, тәбеттің төмендеуі, дене температурасының жоғарылауы, кене шаққан жерде гиперемия.

Кене энцефалитінің профилактикасы:

 Табиғатта демалу кезінде, саяжайда және т. б. мыналар қажет:
 ұзын жеңді көйлек киіп, оны шалбарға, ал шалбарды шұлыққа салыңыз. Бас пен мойынды орамалмен, капюшонмен жабыңыз;
 мезгіл-мезгіл киім мен денені өзіңіз және өзара қарап-тексеріңіз;
 дененің ашық жерлері мен киімдерді репелленттермен өңдеңіз;
 кене шағып алған жағдайда медициналық ұйымға жүгініңіз.
 медициналық көмекке жүгіну мүмкіндігі болмаған кезде кенені өзіңіз алып тастаңыз (кенеге бір тамшы май тамызып, пинцетпен немесе жіппен, қозғап, біртіндеп алыңыз;
 Егер тұмсығы теріде қалса, оны тікен сияқты алып тастаңыз, шаққан жерге йод жағып, қолыңызды мұқият жуыңыз).