Біз бұл жарқын мейрамды асыға күтеміз, себебі Наурыз – тіршілік атаулы жанданып, жер-дүние жаңаратын кезең.
🌷Ұлттық құндылықтарымыз бен рухани мұраларымыз Әз-Наурызбен біте қайнасқан. Ақ пейілді халқымыз қашанда Ұлыстың ұлы күнін кең дастарқан жайып, ақ тілекпен қарсы алған.
Бұл күні бұлақ көзін ашып, көршіге көмек көрсетіп, сауапты істермен айналысу иги дәстүрге айналған.
🌺Наурыз – көне заманнан бері ырыс пен ынтымақтың, татулық пен тазалықтың, бірлік пен адамгершіліктің мейрамы болып есептеледі.
Әрбір қазақстандық отбасына зор денсаулық, әрбір үйге бейбітшілік, жақсылық тілейміз, аман-есен болып, еліміз өркендей берсін!
👏Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!