Скринингтік зерттеп-қараудың ауқымды бағдарламасының шеңберінде Қазақстанда 2024 жылы 3,2 миллионнан астам азамат зерттеліп-қаралды.
Нәтижелер аурудың 120 мыңнан астам жағдайы ерте кезеңде анықталғанын көрсетті, бұл ерте диагностикалау жүйесін жақсарту бойынша ағымдағы шаралардың тиімділігін растайды.
Скринингтің барысында мыналар анықталды:
Артериялық гипертензияның 118 497 жағдайы - егер уақтылы анықталмаса және бақыланбаса, инсульт пен инфарктқа әкелуі мүмкін ең көп таралған аурулардың бірі.
•Қант диабетінің 24 901 диагнозы — бұл соңғы жылдары елдегі өзекті мәселеге айналып келе жатқан ауру.
* Глаукоманың 6265 жағдайы - емделмеген жағдайда соқырлыққа әкелуі мүмкін аурулар.
- Скринингтік жүйеде не өзгерді?
Кейбір ескірген және ақпаратсыз зертханалық-аспаптық әдістер дәлелденген дәлдікпен заманауи және жоғары тиімді әдістерге ауыстырылды.
- қант диабетін диагностикалау үшін гликатталған гемоглобин (HbA1c), (бұрын қандағы глюкозаны анықтау жүргізілген) ;
- бүйрек ауруларын ерте анықтауға арналған шумақтық сүзілу жылдамдығы;
- жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін бағалау үшін қан сарысуындағы төмен тығыздықтағы липопротеидтер.
- жатыр мойны обырын ерте анықтауға арналған сұйық ПАП тесті.
- Бұл тәсілдер:
- асқынулардың санын азайту, мүгедектікке немесе өлімге әкелуі мүмкін асқынулардың алдын алу;
- скринингті қол жетімді ету (нысаналы топтарды кеңейту).
Сонымен қатар, 2025 жылдан бастап 50-70 жастан асқан ер адамдар үшін 2 жылда 1 рет ми қан айналымы бұзылыстарының даму қаупін (УДДГ БЦА) ертерек анықтауға арналған скрининг енгізіледі.
15-17 жас аралығындағы қыздар үшін жұлын-бұлшықет атрофиясын тасымалдауға молекулалық-генетикалық тестілеу енгізіледі.
- Қазақстанда мынадай ең көп таралған 8 ауруды ерте анықтауға скринингтік зерттеулер жүргізілуде:
✅артериялық гипертензия (2 жылда 1 рет)
✅жүректің ишемиялық ауруы (2 жылда 1 рет)
✅қант диабеті (2 жылда 1 рет)
✅глаукома (2 жылда 1 рет)
жатыр мойны обыры (4 жылда 1 рет)
✅сүт безінің обыры (2 жылда 1 рет)
✅колоректалдық обыр (2 жылда 1 рет)
✅вирустық гепатит (3-6 айда 1 реттен артық емес).
- Денсаулық сақтау министрлігі барлық азаматтарды өз денсаулығына қамқорлық жасауға және үнемі тегін скринингтерден өтуге шақырады.