Мемлекеттік шекарада инфекциялық аурулардың әкелінуіне және таралуына жол бермеу мақсатында 2024 жылы көліктің барлық түрлерінде 6 миллионнан астам жолаушы байланыссыз термометрия болды, деп хабарлады бүгін Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің қорытынды алқасында.
Санитариялық-карантиндік бақылау қызметі дене температурасы жоғары 63 жолаушыны анықтады.
Сонымен қатар, келген шетелдік жолаушылардың арасында тырысқақтың 3 жағдайының ошағын оқшаулау бойынша эпидемияға қарсы уақтылы іс-шаралар өткізу аурудың халық арасында таралуына жол бермеуге мүмкіндік берді.
Сондай-ақ, елде аса қауіпті инфекциялар әкелінген жағдайда барлық қажетті эпидемияға қарсы, диагностикалық, емдік және басқа да іс-шараларды жүргізуге дайындық қамтамасыз етілгені атап өтілді.