Астанада Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен өткен III Ұлттық респираторлық медицина Конгресінің алаңында саланың жетекші сарапшылары өкпе ауруларын, демікпе мен ӨСОА-ны емдеудегі заманауи тәсілдерді, респираторлық медицинадағы аллергология мәселелерін, пульмонологиядағы антибиотикке резистенттілік проблемасын және басқа да көптеген өзекті тақырыптарды талқылады.
Тыныс алатындардың барлығы ауадағы инфекциялық және улы заттарға осал. Респираторлық аурулар жер шарының барлық өңірлерінде және барлық әлеуметтік таптарда өлімнің 3-ші себебі болып табылады.
Форумның шеңберіндегі алғашқы симпозиум респираторлық медицинаны дамытудың ұйымдастырушылық-стратегиялық мәселелеріне арналды. Осы сессияда өңірлердегі бейінді мамандардың тапшылығы, заманауи жабдықтар мен технологияларға қол жеткізу мәселелері көтерілді. Сондай-ақ, базада құзырет орталықтарын ұйымдастыру қажеттілігі туралы бастама көтерілді.
Конгреске қатысушылар өкпенің обструктивті аурулары, тыныс алу жеткіліксіздігі кезіндегі тыныс алуды қолдау, ұйқыға тәуелді тыныс алу бұзылыстары тақырыптарын көтерді. Респираторлық инфекциялар проблемаларына, атап айтқанда балалардағы респираторлық инфекцияларға көп көңіл бөлінеді.
Мұнда вакцинамен басқарылатын инфекцияларды тежеудің негізгі құралы вакцинациялау болып табылатындығы және респираторлық инфекциясы бар балалардың арасында өлім деңгейінің көтерілуіне жол бермеу үшін оны бақылауды күшейту қажет екендігі атап өтілді.
«Пульмонологиядағы антибиотикке төзімділік: тәуекелдер, проблемалар» симпозиумында супербактериялардың таралуын бақылауды жақсартуға мүмкіндік беретін шаралар: ұтымды антибиотикалық терапияны қолдану, төзімді штамдарға тұрақты мониторинг жүргізу және медицина қызметкерлеріне білім беру бағдарламаларын енгізу талқыланды.
Конгресте респираторлық медицина саласындағы жетекші мамандар, соның ішінде Еуропалық Респираторлық қоғам (ERS) мен Ресей Респираторлық Қоғамы, Өзбекстан және Беларусь өкілдері сөз сөйледі.
Конгреске қатысушыларға «Астана медицина университеті» КеАҚ гастроэнтерология, эндокринология және пульмонология курстары бар ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі, профессор, Конгресс президенті Б.А. Айнабекова құттықтау сөз сөйледі. Ол халыққа медициналық көмектің сапасын арттыру үшін респираторлық медицина саласындағы идеялар мен ынтымақтастықты біріктірудің маңыздылығын атап өтті.
Маңызды оқиға Еуропалық Респираторлық Қоғамның (ERS) Президенті, ғылыми зерттеулер мен клиникалық тәжірибедегі жетістіктерімен танымал респираторлық медицина саласындағы жетекші сарапшы Иоанна Хоростовска-Винимконың (Joanna Chorostowska-Wynimko) Конгресіне сапары болды.