ҚАЗАҚСТАН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ XXXVII ОТЫРЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

ҚАЗАҚСТАН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ XXXVII ОТЫРЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Қазақстандық делегация Санкт-Петербургтегі ТМД елдерінің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңестің XXXVII отырысына қатысты.

Форумның күн тәртібінде жаһандық сын-қатерлермен күресу және денсаулық сақтау саласындағы орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің қолжетімділігі, онкологиялық аурулармен және туберкулездің таралуымен күресу үшін күш-жігерді біріктіруге байланысты маңызды тақырыптар талқыланды.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді дамыту, цифрландыру саласындағы жобалар, міндетті медициналық сақтандыру жүйесі, медициналық көмектің заманауи стандарттарын енгізу бөлігінде қол жеткізілген нәтижелер туралы айтып берді.

Кеңестің отырысында Қазақстанның басты бастамасы 2025 жылды ТМД елдеріндегі медициналық-санитариялық алғашқы көмек жылы деп жариялау туралы ұсыныс болды. Бұл ұсынысты ТМД Кеңесінің барлық мүшелері қолдады.

Отырыстың қорытындысы бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған шешімдер қабылданды, бұл ТМД аумағында медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, ТМД денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңестің XXXVII отырысына қатысу шеңберінде министр бастаған Қазақстан делегациясы «Герофарм» фармацевтикалық компаниясының өндірістік алаңына барды.

Мұнда қазақстандық мамандар толық циклді гендік-инженерлік инсулиннің үздік жетекші ресейлік фармацевтикалық өндірушілерінің ТОП-20 қатарына кіретін биотехнологиялық препараттарды шығару жөніндегі ұлттық компанияның жұмысымен танысты.

Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңес 1992 жылғы 26 маусымда халықтың денсаулығын сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің негізінде құрылғанын атап өткен жөн. Оның құрамына ТМД-ның 7 елі: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан кіреді.