ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ БҚО-ДА 11 МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК НЫСАНЫ ТАПСЫРЫЛДЫ

ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ  БҚО-ДА 11 МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК НЫСАНЫ ТАПСЫРЫЛДЫ

Батыс Қазақстан облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының шеңберінде жоспарланған 24 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарынан 11 ауылдық нысан пайдалануға берілді.
Батыс өңірінің картасында пайда болған жаңа медициналық ұйымдардың тізімінде келесі нысандар бар:
Бөрлі ауданы Қарағанды ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт;
Бәйтерек ауданы Байқоңыс ауылдық округінде, Новенький ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт;
Бәйтерек ауданы Садовое ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт;
Бәйтерек ауданы Жайық ауылындағы медициналық пункт;
Бәйтерек ауданы Красноармейское ауылындағы медициналық пункт;
Бөрлі ауданы Жаңақоныс ауылындағы медициналық пункт;
Жәнібек ауданы Борсы ауылындағы медициналық пункт;
Қаратөбе ауданы Үшағаш ауылындағы медициналық пункт;
Теректі ауданы Үлкен Еңбек ауылындағы медициналық пункт;
Бәйтерек ауданы Өркен ауылындағы медициналық пункт;
Бәйтерек ауданы Болашақ ауылындағы медициналық пункт.

2025 жылға дейін ауылдық елді мекендерде 50 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарының құрылысы жоспарланған болатын.
Қазіргі заманғы стандарттарға сәйкес пациенттерді ФАП-қа қабылдау үшін фельдшер кабинеті, акушерка кабинеті, қарау кабинеті, емшара кабинеті, егу кабинеті, стерилизация, дәріхана пункті, физиотерапия кабинеті, қақырық жинау кабинеті, ақпараттандыру кабинеті, шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлар көзделген.
Сондай-ақ, медициналық пункттерде орта медициналық персоналдың кабинеттері, емшара кабинеті, физиотерапия кабинеті, дезинфекциялау құралдарын дайындауға және сақтауға арналған үй-жай, дәріхана пункті мен анықтамалық вестибюль, шаруашылық және тұрмыстық үй-жайлар көзделген.

Ұлттық жобаны іске асырудың мақсаты - онкологиялық ауруларды ерте сатысында анықтауды, скринингтік зерттеп-қарауларды уақтылы жүргізуді, нысаналы топтарды вакцинациялауды және созылмалы аурулары бар науқастарды емдеп-қарауды қоса алғанда, ауыл халқының денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады.